Ордабасы ауданы күннен-күнге жанданып келеді. Әрине, мұның бәрі ең алдымен аудандағы жұмыстардың тыңғылықты атқарылып жүргендігінің белгісі болса керек.
Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аудандағы жол жұмыстарымен танысып, мердігерлермен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында әкім жол құрылысының барысымен, сапасымен танысты.
Қазіргі таңда аудан орталығы Темірлан елді мекенінің 5 орталық көшесіне абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған дейін аудан орталығында Қажымұқан Мұңайтпасов, Тұрар Рысқұлов, Әзімбаев, Жепаев және Тұрманжанов көшелерінде күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілген болатын. Одан бөлек, жаңа кейіпке еніп келе жатқан көшенің орта тұсына көріктендіру мақсатында түрлі гүлдер отырғызылып, бапталды.
Сонымен қатар, биыл 26 көше жөнделеді, нәтижесінде қанағаттандырарлық күйдегі автомобиль жолдары 3,4 пайызға өсіп, 81,3 пайызға ұлғаяды.