Созақ: Тұрғындар табиғи газбен қамтылады

Қысқаша

Созақта соңғы жылдары табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қызу жұмыстар жүріп жат

image.png

Созақта соңғы жылдары табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қызу жұмыстар жүріп жатыр. Осыдан бір жыл бұрын осы мақсатқа 100 миллион теңге қаражат бюджеттен қарастырылған. 

Жаңатас қаласына баратын жолдың бұрылысынан Шолаққорған ауылына дейінгі магистральды газ құбыры мен АГТС құрылысы басталған болатын. Бүгінде 686 дана электр бағаналары орнатылды, АГТС орнына найзағайдан қорғау құрылғылары тұрғызылды. Газ құбыры жолдары қазылып, 43,8 шақырым трассаның 30 шақырым құбырлары дәнекерленіп, біріктірілді. Құрылысты «StroyGazCompany» ЖШС жүргізуде.

Жалпы, шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында облыс, қала әкімдіктері газ таратушы мекемелерімен бірлесіп тұрғындарға табиғи газ жүйесіне қосылу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса, қатты отын пайдаланатын барлық моншалар, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру көзделіп отыр.

Облыс орталығын газдандыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Түркістан қаласын 100 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде қала тұрғындарының 41% табиғи отынмен қамтылған.

    A+
Уақыты: 2020-07-29  Айдарша: Өңір
TAG: