Шардаралықтар тамшылатып суару тәсіліне көшкен

Қысқаша

Қазіргі пластиктен жасалған жіңішке түтіктердің пайда болуымен тамшылатып суару әдіс

Ауыл шаруашылығындағы тың технология | Қазақстан жаңалықтары ...

Қазіргі пластиктен жасалған жіңішке түтіктердің пайда болуымен тамшылатып суару әдісі жандана түсті. Бұл тың дүние дәл Израильде қолданысқа енгізілді. 1959 жылы Симча Бласс пластик құбырлар бітеліп қалмас үшін суды қысыммен айдайтын пластик мөлшерлеуіш арқылы жібере бастады. Патенттелген бұл тәсіл бүгінде Шардарада да кең қолданылып жүр.

Жаушықұм ауылдық округінде орналасқан «Тұрар» шаруа қожалығы да осы әдіс арқылы суды үнемдеп, өнім көлемін екі есеге ұлғайтқан. Бүгінде көкөністерін Қазақстанның барлық қалалары мен Ресей, Белорус елдеріне экспорттап отыр.

Қожалық иелігіндегі 285 гектар жердің биыл 110 гектарына дән себілген. Оның 40 гектары бақша өнімдері болса, 6 гектарына қырыққабат, қалғанына 10 түрлі пияз еккен. Одан бөлек милагро және оңтүстік Кореялық пияз сорттарына тәжірибе жасап, жер сіңдіріп жатыр екен. 15 тамыздан бастап қысқы пияз бен егілген бақша өнімдерінің орнына қырыққабат көшеттерін отырғызып, екінші өнімге әрекет жасамақ.

 «Біз егістікті беткейлетіп суғаратын болсақ гектарынан 60 – 70 центнер ғана өнім аламыз. Ал, тамшылатып суғару әдісі арқылы бүгінде өнімділік екі есеге дейін артып отыр. Біз биыл 285 гектардың 110 гектарын игеріп отырмыз, қалған жер келесі жылға дейін демалады. Келесі жылы 175 гектарға тұқым сепсек, биылғы егін егілген жер демалады», -дейді «Тұрар» шаруақожалығының іс басқарушысы Тастанбек Алимов.

Осылайша егістік алқапқа түгелдей тамшылатып суғару әдісін енгізген қожалық жергілікті 20 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал, жиын-терім науқанында 70-ке жуық тұрғын осында еңбек етіп, қосымша нәпақасын табады.

    A+
Уақыты: 2020-07-29  Айдарша: Өңір
TAG: