Ордабасы: Жаңа Арбат бой көтереді

Қысқаша

Ордабасыда жаңа Арбат салынбақ. Арбаттың құрылыс жұмыстары ендігі басталып та кеткен.

image.png

Ордабасыда жаңа Арбат салынбақ. Арбаттың құрылыс жұмыстары ендігі басталып та кеткен. Шаршағанда бой сергітіп, таза ауамен тыныстауға кереметтей мүмкіндік беретін көркем орын ауданға қарасты Темірлан елдімекенінен бой көтермек. Тұрғындар да жаңа демалыс орнының салынып бітуін тағатсыздана күтуде.

Бұл Ордабасы ауданында жаңадан салынып жатқан арбатттың құрылысы. Мұнда гүлзарлар егіліп,  жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ,демалыс орынында веложолақтар мен  су бұрқақтар салынатын болады. Тұрғындардың орын алған төтенше жағдай кезінде артық ойлардан арылып, бос уақыттарын тиімді әрі сапалы өткізулеріне  мүмкіндіктері бар.

Тағы бір айта кетерлігі ауданда жасыл желекті саябақ пайдалануға берілген. Демалыс орнының тазалығы мен әсем көркі халықтың көңілінен шығып, қазір мұнда аудан тұрғындары бос уақыттарында келіп, серуендейді. Сондай-ақ,  саябақта соғыс ардагерлеріне арналған аллея салынған. Бұл ата-бабамызға деген үлкен ілтипат пен ықылас. Жастарымызға үлгі – дейді, ауданның құрметті азаматы Бостандық Жакей. 

Арбаттағы құрылыс жұмыстары сапалы аяқталса,   Ордабасы ауданының көркейе түсетіні анық.

    A+
Уақыты: 2020-07-23  Айдарша: Өңір
TAG: