Ордабасы: Провизорлық орталық құрылысы басталып кетті

Қысқаша

Ордабасыда елімізде орын алған пандемия тұсында 100 адамға арналған провизорлық орталы

Алматыда коронавирусты жұқтырған тағы бір провизор орталық ашылды ...

Ордабасыда елімізде орын алған пандемия тұсында 100 адамға арналған провизорлық орталықтың құрылысы басталып кеткен. Әсіресе осындай ауруханада орын тапшы кезеңде стационар науқастарға жақсы көмек болмақ.

Жұмыстар шілде айынан басталды. Аталған орталықты салуға аудандағы ерікті азаматтар үлес қосуда.

Бұл Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жанынан салынып жатқан провизорлық орталық. Науқастар санының артуына байланысты, ескі ғимарат қайта күрделі жөндеуден өтіп жатыр.   Орталық  100 адамға лайықталған. Әр бөлмеде 2-3 адамнан жатады

Бақытжан Мырзагелдиев – Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Құрылыс жұмыстарына бүгінде 20 адам жұмылдырылған. Орталықты салуға демеушілерде ат салысуда. Провизорлық орталықтың құрылыс жұмыстары шілде айында басталған, бұйырса  тамыз айында пайдалануға береміз, дейді жауаптылар. Аурухана сапалы аяқталса емделуге келген науқастар мен дәрігерлерге қолайлы болмақ.

Жалпы ауданда қазірде жағдай біршама тұрақталған. Бүгінгі таңда жалпы ауданда науқастардың саны азайып, эпидемиологиялық ахуал ретке келтірілген. Сондай-ақ аудан бойынша карантин шаралары мен баға тұрақтылығы басты назарда болып отыр.

    A+
Уақыты: 2020-07-28  Айдарша: Өңір
TAG: