Бәйдібек: Тұрғындар табиғи газбен қамтамасыз етіледі

Қысқаша

Бәйдібектің тұрғындары ендігі табиғи газбен қамтамасыз етілетін болды. Облыс басшысы

image.png

Бәйдібектің тұрғындары ендігі табиғи газбен қамтамасыз етілетін болды. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкееы осы мәселенің басы қасында болып, бақылауына алу мақсатында Бәйдібек ауданына іс-сапармен барды.

Ауданда елді мекендерге табиғи газ жеткізіліп, шаруалар асыл тұқымды ірі қара малдың жаңа түрін өсіруді қолға алған. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар нысандарды аралап, жергілікті шаруалармен кездесті. Аймақ басшысы алдымен ауданды табиғи газбен қамтамасыз етіп, газ құбырларын жүргізу жоспарымен танысты және Шаян елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құрылымдау жоспары мен абаттандыруға бағытталған жаңа жобалардың барысын бақылады. Одан бөлек, 150 орындық Қосбұлақ мектебінің құрылысында болды. Сондай-ақ, облыс басшысы бірқатар егістік алқаптарын аралалап, жылыжайлардың жайын көрді. 

Соның бірі «Бердібай» шаруа қожалығы. Егістік алқабындағы 2 мың гектарға бидай, 1000 гектар жерге мақсары егілген. Қожалық жеке техникамен жабдықталып, жүзден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, аудандағы шаруашылықтар жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігіне көз жеткізіп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен етек жайған тәсілдің тиімді тұстары көп. Жаңбырлатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады. Артық шығынды қажет етпейді. Суды үнемдеп, жұмыс күшін қысқартады. Алдағы уақытта шаруалар дәл осы тәсілмен егін егуге көшкелі отыр.


    A+
Уақыты: 2020-07-22  Айдарша: Өңір
TAG: