Сарыағаш: Аймақты көгілдер отынмен қамту жұмыстары қарқынды

Қысқаша

"Жаздың қамын қыс ойла" демекші қазақтар сонау байырдан жаз ортасында қысқа қамданған.

image.png

"Жаздың қамын қыс ойла" демекші қазақтар сонау байырдан жаз ортасында қысқа қамданған. Елде белең алған індетпен байланысты экономика, алға бекітілген жоспарлар бәршама өзгерістерге ұшыраған болатын. Әйтсе де, Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында құрылыс жұмыстары тоқтамады. Ауданды көркейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар белсенді түрде уақытылы атқарылып жүр.

Мәселен ауданда аймақты көгілдер отынмен қамту жұмыстарына келсек, Атамекен елді мекенінде "Тоболино" АГТС газ қуаттылығын арттыратын станцияның құрылысы басталған болатын. АГТС-тің өткізгіштік қуаты - 20000 нм3/сағ. Газ құбыры жүйесінің ұзындығы - 4,73 шақырым. ҚҰрылыс жұмыстарына бекітілген компаниялардың қызу кіріскенінің арқасында биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, бірнеше елді мекен газбен қамтылатын болады.

Сондай, ақ , ауданды ауыз сумен қамту бойынша бүгінде Атамекен елді мекеніндегі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүруде. Мердігер мекеме: «ТВИК» ЖШС-і. Құрылыс жұмыстары аяқталған уақытта 210 абонент, яғни 2122 тұрғын таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Айта кетерлігі, аталған жұмыстар «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.


«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. 

Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. 

    A+
Уақыты: 2020-07-29  Айдарша: Өңір
TAG: