Түлкібастық еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі балонын тарту етті.
Елімізде өршіп тұған пневмания, коронавирус секілді індеттер дәл қазір аса актуалды мәселе болып отыр. Ауруханаларда орын саны жетіспеушілігі, қажетті құрал-самандардың орнын толтыруға барша қоғам жанашырлары ат салысуда. Осы орайда түлкібастық еріктілер де қажетті сомманы жинап, орталық ауруханаға 200 оттегі балонын жеткізіп берді.
Соңғы бір аптаның ішінде Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ауруханаға демеушілер мен ерікті тұрғындар есебінен 210 дана оттегі балондары жеткізілді.
Сондай-ақ, ол балондардың оттегісі таусылса Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетінен толтырып келуге аудан әкімдігінен бөлінген автокөлік тәулік бойы қызмет етуде.
Алдағы күндері еріктілер ауруханаға тыныс алу құрылғыларын да жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға берген. Бүгінде 17 көлікпен бригадалар үйде сырқаттанып жатқан тұрғындарды үйме-үй аралап ем-дом жасауда.