Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысы аумағында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейту тапсырмасына сәйкес Қазығұрт ауданында COVID-19 вирусына қарсыіс-шаралар атқарылуда .
Аудан аумағында шектеу іс-шараларын және карантиндік режимді қамтамасыз ету мәселесі Карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі штабта қаралып, Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың қаулыны мүлтіксіз орындауын және жұмысын қайта бастаған объектілер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында белгіленген тапалаптарды орындау міндеттілігіне бақылауды күшейтіп, карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұлғаларды тексеру (мониторинг) алгоритіміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуды, қайталанған жағдайда қызметін тоқтатуға дейін шараларды қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 51 059, жазылып шықты - 16 928, қайтыс болды - 264 адам.
Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 1376 адамнан анықталды.