Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысы аумағында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейту тапсырмасына сәйкес Қазығұрт ауданында COVID-19 вирусына қарсыіс-шаралар атқарылуда .
Қазығұрт ауданында 16 жылжымалы дыбыс күшейткіш қондырғылары бар автокөлік, 37 тұрақты (мешіт, мәдениет үйлеріндегі) дыбыс күшейткіш арқылы «Түркістан облысының аумағында шектеу іс-шараларын және карантинді ұзарту туралы» Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №23, №24, №25 қаулыларымен белгіленген карантин режимі және шектеу іс - шаралары туралы тұрғындарға хабарланған. Аудан аумағында жұмысын қайта бастаған объектілер Қазақсан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында белгіленген сауда объектілерінің жұмыс режимі туралы арнайы жаднама әзірленіп, 400 сауда объектілеріне ескерту таратылды.
Маусым-шілде айларында ақпараттық түсіндіру жұмыстарына аудандағы мекемелердің фейсбук әлеуметтік желісі арқылы карантин режимі, дизинфекциялау, залалсыздандыру жұмыстары туралы жалпы 164 мақала жарияланған. Аудандық БАҚ құралдары арқылы пандемияға қатысты 28 мақала жарияланған.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 51 059, жазылып шықты - 16 928, қайтыс болды - 264 адам.
Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 1376 адамнан анықталды.