Қазығұрт: Шаруа төрт түлік мал тұқымын асылдандыруда

Қысқаша

Мемлекет басшылығы бекіткен ме­желі міндет бойынша ауыл шаруа­шылығы ел экономикасын

image.png

Мемлекет басшылығы бекіткен ме­желі міндет бойынша ауыл шаруа­шылығы ел экономикасының драй­веріне айналуы керек. Осы орайда Қазығұртта егін шаруашылығымен мал шаруашылығына да баса көңіл бөлініп жүр. Мал шаруашылығы өні­мін молайтудың басым бағыт­тарының бірі – төрт түлік тұқымын көбейту екені сөзсіз. Ал өңірдегі өндірістерді бақылап, қадағалап отыру жергілікті биліктің міндеті.

Аудан басшысы Төлеген Телғараев Жаңабазар ауыл округіне барып, аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көзбен көріп қайтты. Алдымен Береке шаруа қожалығындағы етті бағыттағы 150 бас Ангус малдардың аумағымен танысты.  Мал шаруашылығы өні­мін молайтудың басым бағыт­тарының бірі – төрт түлік тұқымын асыл­дандыру. Онда бүгінде 100 ге тарта малдар төлдеуді бастапты. Бұл қожалық қазірде қазақтың ет бағытындағы Ангус асыл тұқымды сиырын көбейтіп келеді. Аудан әкімі ауыл шаруашылық саласындағы осы бағытқа үлкен қолдау жасалатынын жеткізді. Шаруа қожалық басшысының айтуынша аудан көлеміндегі шаруалардың табынға бұқа қойу жеке тұрғындардыңда өтініштерін орындауда екен.
Сондай-ақ, аудан әкімі кезекті жұмыс кестесіне орай Жаңаталап елді мекеніндегі «Егіз қора» жеке кәсіпкер Қанаеваның шаруашылығымен танысты. Оңтүстік несиеден 14 миллион қаржы алып Беларусия елінен 24 бас етті бағыттағы малдардың жайлымынға шығарып, кәсіпкердің қолға алған жобарларымен танысқан аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалардың аясында жүзеге асып жатқан жобалардың бірі екенін жеткізді

    A+
Уақыты: 2020-06-17  Айдарша: Өңір
TAG: