ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Арнайы мониторингтік тобы Түлкібас ауданына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары барысында аудандағы бірқатар құрылыс жұмыстары мен кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ таңғажайып табиғаты мен тамаша алмасымен таң қалдырар таулы аймақта елең еткізер нендей жаңалық бар екенін білу және тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысты.
Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы Байғұтпен тікелей эфирде онлайн-сұхбат алудан басталған жол-сапарымыз барысында аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстық.
Келесі кезекте Шақпақ-баба ауылында орналасқан Бреусов атындағы жалпы орта мектебі жанынан бой көтеріп жатқан 150 орындық қосымша ғимарат құрылысымен таныстық. Округ орталығында халық санының өсуіне байланысты 2019 жылы бастау алған 200 орындық заманауи үлгідегі ғимарат құрылысы бүгінгі таңда қарқынды жүруде.
Ары қарай мониторингтік топ пен аудан әкімі Мичурин ауылдық округіне қарасты Майтөбе ауылындағы алма, жүзім өнімдерін қайта өндеумен айналысатын «Мичурин – Алма Экспорт» ЖШС-нің жұмысымен танысты.