Түлкібас: Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Қысқаша

Түлкібаста аудандық Арнайы мониторингтік топ мүшелері және ПБК мүшелері азық-түлік са

image.png

Түлкібаста аудандық Арнайы мониторингтік топ мүшелері және ПБК мүшелері азық-түлік сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Бұл мекеме Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған болатын. 

Мониторин жұмыстарының негізгі мақсаты жағдайы төмен отбасылардың азық-түлік қорына мән беру.

Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметті қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 01.06.2020 жылдан бастап, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан Төтенше жағдай кезініндегі халықтың жекелеген санаттарына берілетін ең аз азық-түлік-тұрмыстық жиынтығының құрамын таратуда. Оны алатын халық санаты төмендегідей:

1) Барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар;
2) 16 жасқа дейінгі мүгедек бала асырап отырған отбасы;
3) АӘК алатындардың 6-18 жас аралығында балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) Ресми жұмыссыздар.
Түлкібас ауданынан бұл көмекке 9009 адам енгізілген. Түлкібас аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұл көмекті жүзеге асыруда ЖК "Нағметовамен" келісім-шартқа отырған. 1 азық-түлік себеті 5500 тг бағаланған. Себебі көмек алатын 9009 адам 62 елді мекеннің ішінде орналасқандықтан, оларға азық-түлік себетін буып-түю, оны әр үйге жеткізіп беруі бар екендігі қарастырылған. Көмек алатын азаматтарға азық-түлік себетін арнайы жүк тиейтін көлікпен (газельмен) тасымалдауда. Азық-түлік құрамы мен мөлшері төмендегі суретте. Себеттер арнайы қоймада сақталуда. Арнайы мониторингтік топ мүшелері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері себеттегі азық-түліктердің мерзімі өтіп кетпегендігіне көздерін жеткізді, барлығы заңды.

    A+
Уақыты: 2020-06-03  Айдарша: Өңір
TAG: