Су қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Қысқаша

Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы

Судағы қауіпсіздік

Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екенін көреміз.

Сондықтан Сіз су айдынында демалып жатсаңыз да, қармақпен балық аулап отырсаңыз да, қашанда қауіпсіздік ережелерін есте сақтап жүріңіздер!

Қазығұрт ауданы аумағындағы суаттарда (өзен, көлдер, каналдар) азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп су айдындарындағы қауіпті аумақтарға рейд өткізіліп, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау және алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Ең алғашқы біздің беретін кеңестеріміз:

- суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағалауларға шомылыңыздар;

- қоршау белгілерінен ары аспаңыздар;

- суда тақтай, бөрене немесе автомашина камерасын пайдаланбаңыздар;

- суда (жағалауда) 14 жасқа дейінгі жас балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Суға мүлдем түсуге болмайды, егер:

- қатты шаршасаңыз;

- басыңыздан күн өткен болса;

- аш болсаңыз;

- шөлдеп тұрсаңыз;

- аурудан жаңа айыққан болсаңыз;

- жүзе білмесеңіз;

- мас халде болсаңыз.

Тілсіз жаудың құрбаны болмау үшін суда шомылу ережесі мен қауіпсіздік шарасын қатаң сақтау керек екенін естен шығармағандарыңыз абзал.

Балалардың жазғы демалысы кезінде, оларды өз бетінше суға жібермей қадағалап отырыңыздар, сонда ғана балалар арасында қайғылы оқиға болмайды деп айта аламыз.

Су тілсіз жау екенін естен шығармаңыздар, ағайындар.


Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі



    A+
Уақыты: 2020-05-28  Айдарша: Өңір
TAG: