Қазақстанда биылғы жылдың 16 наурызынан бастап ел президенті Қасым Жомар Тоқаевтың бұйрығымен COVID 19 вирусының өршуін болдырмау мақсатында төтенше жағдай енгізілді. Осындай зұлмат кезеңде ел болып, жұрт болып жұмыла әрекет еткеніміз, төтенше жағдай режимін қатаң ұстанып, заңға бағыну аса маңызды болып отыр. Алайда, осындай сәтте салымыз суға түспей, қалыпты өмір тізгінін қолға алу да маңызды күштердің бірі.
Осы орайда Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» атты аудандық онлайн жыр мүшайрасы болып өтті. Бұл мүшайраны өткізудегі мақсатымыз: Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру, халықтың рухани бірлігін нығайту, халық арасынан шыққан ерекше дарынды жастарды іздеп табу еді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Махамбет Өтемісұлы ауылынан Майлиева Ақниетке, І-орын Атбұлақ ауылынан Ислам Мақсатқа , ІІ-орын Жігерген ауылынан Ақтөре Қайратқа , ІІІ-орындарды Қазығұрттық Тұрғынбай Арайлым және Қақпақ ауылынан Жиенбай Батырбек иеленді.
Сіздердің назарларыңызға мүшайраның бас жүлдегері Майлиева Ақниеттің «Жүректегі өлеңді оятқан Абай» атты өлеңін ұсынамыз.