Ұлттар татулығы - экономикалық дамудың негізі

Қысқаша

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі бағыты елдің ынтымағы мен бірлігінде. Қаза

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі бағыты елдің ынтымағы мен бірлігінде. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып саналады. Тәуелсіз елдің орнатқан қағидалары да сол бейбітшілік пен тыныштықтың аймағындағы құрған заңды ережелер болып табылады. Осы ереженің сақталуы жаппай, ақ-қара деп бөлмей баршадан бірдей талап етіледі.  

image.png

Түлкібас ауданында 29-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осыған орай аудан әкімі Нұрлан Байғұт достық пен татулықтың мекеніндегі аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, аудандық өзбек, түрік және славян этномәдени орталықтарының төрағаларымен төрайымын қабылдады. Кездесу барысында ұлтаралық татулықты сақтаумен, өзге ұлт өкілдерімен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, насихаттап жүрген кеңеспен этномәдени орталықтарының жұмысымен танысты. 

Қазіргі таңда, Түлкібас ауданында 112 599 адам бар. Соның ішінде: қазақтар – 92632 (82.3%), әзербайжандар – 6696 (5.9%) өзбектер – 5772 (5.0%), орыстар – 5532 (4.9%), басқа ұлттар – 1997 (1,9 %) құрап отыр. Басқосуда аудан тұрғындары арасында карантин режимі қатаң сақталу қажеттігі және қоғамда талқыланып жатқан әр бір мәселе қараусыз қалмай, заң аясында әділ шешім қабылданып, ескерілуі тиіс екені айтылды.

    A+
Уақыты: 2020-05-28  Айдарша: Өңір
TAG: