Екі жылдан бері аудан әкімдігінің қамқорлығында болып келген отбасыға бүгінгі күнге дейін жан-жақты қолдаулар көрсетіліп келген. Бүгін міне жомарт жандардың ат салысуымен қолдау үстіне қолдау болып, жаңа баспанада қоныс тойын тойлағалы отыр.
Бүгін қасиетті Рамазан айының күнтізбесіндегі 18-ші күні «Харекет» қайырымдылық қоры Түлкібас ауданында ата-ана қамқорлығынсыз қалып тағдырдың ауыр тәлкегін бастарынан өткеріп жүрген 6 балаға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйдің кілтін сыйға тартты.
Шарада кілтті табыстау құрметіне Түлкібас ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек ие болды.
Осы күнге дейін бес бауырымен нағашы апасының қолында тұрып келген Шалыпова Нұрсұлу Абайқызы бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бағдарламалық қамтамасыз ету маманы болып жұмыс істейді.
Қаншама жылдар бойы бес бауырымен қиыншылықта өмір сүріп келген Нұрсұлу Абайқызы риясыз көңілмен аудан әкімдігіне, «Харекет» қайырымдылық қорына және жаны жомарт жандарға алғысын білдірірді.