Түлкібас ауданының өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері екі азаматтың өмірін аман алып қалды. Ажал аузынан қалғандар Төлеби ауданының тұрғындары екен.
Төлеби ауданы Достық елді мекенін су бір шайып өтті. Біршама үйлер мен қораларына зақым келді. Төтенше қызметшілер үйдің жертөлесін су сорып жатыр. Бірақ кейбір қызметшілердің ұқыпсыздығының арқасында 2 адам уланып қалды. Бірақ сол арада Түлкібас ауданының 2-ші мамандырылған өрт сөндірушілері жүр еді. Көмек сұраған дауысты естіген қызметшілер дереу алғашқы көмекті көрсетті.
Түлкібастық өрт сөндірушілер дер кезінде көмек көрсетіп үлгергенінің арқасында, қазіргі уақытта екі азамат та дін аман. Кейіннен өрт сөндіруші ержүрек қызметкерлердің кім екендіктері белгілі болды.
Түлкібас ауданының 2-ші мамандырылған өрт сөндірушілердің фельдшері заматтық қорғау кіші сержанты Тажибай Арбар алғашқы көмекті көрсетіп екі азаматты аман алып қалды. Оған қоса сол ортада көмекке асыққан 2-ші мамандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Тұрған Жеңіс бауырымыздыңда еңбегі көп.