Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында диқандар егін егіп, жылыжайларда көкөніс өнімдерін өсіруде. Биыл ауданда бау-бақша алқаптарының көлемін арттыруға да көңіл бөлінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тұрбат ауылдық округіне қарасты Қызылдихан елдімекенінде бес гектар жерге 8 түрлі жеміс ағаштарының көшеті отырғызылған. Ауыл тұрғыны Тоқтамұрат Хасановтың шаруа қожалығында бүгінгі күні 4000-ға жуық жеміс ағашы жайқалып өсіп тұр. Олардың қатарында сары өрік, шие, алма, алмұрт, жүзім, інжір, шабдалы, қарақат бар.
Жазға қарай жеміс беретін көшеттердің күтіп баптауға ауылдың 15-ке жуық тұрғыны маусымдық жұмысқа тартылған. Таулы ауданда шаруалар жылыжайдағы алғашқы өнім жинай ба стады. Қаңтар айының ортасынан диқаншылықты бастаған шаруалар 1,5 гектар жерге қырыққабат егіп, дайын өнімін саудалап жатыр.
Шымкент қаласы мен Қазығұрт ауданындағы орталық базарларда сатылымға шығарған. Айта кетейік, қазығұрттық шауралар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың айсберг, биатрикс сұрыптарын егеді. Ерте пісетін қырыққабатты жинап алған соң, екінші және үшінші өнім алу үшін қияр мен қызанақ сияқты дақылдар егуге кіріспек.