Түлкібас ауданында 4000 дана бетперде тегін таратылды

Қысқаша

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында медициналық бетпердеден тапшылық жоқ. Өйт

whatsapp-image-2020-04-10-at-121240-856x_.jpeg

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында медициналық бетпердеден тапшылық жоқ. Өйткені жергілікті аудан тұрғындары ерікті түрде бетперде тігу ісін қолға алып, халыққа көмек қолын созуда.

Бүгін елімізде бастау алған "Мейірімді ауылдастар" акциясы аясында Түлкібас аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов ауылында халық көп шоғырланатын «Халық банкі», «КазПочта», аудандық орталық емхана және бірқатар ірі сауда орталықтарында ерікті тұрғындар тарапынан тігілген 4000дана бетперде тегін таратылды.

Игі іске аудан тұрғындары ризашылдықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Бетпердені тарату жұмыстарына аудан әкімдігінің қызметкерлері ат салысты.

Алдағы уақытта дәл осындай игі істер ауданның өзге елдімекендерінде де өз жалғасын табатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


    A+
Уақыты: 2020-04-10  Айдарша: Өңір
TAG: