Түлкібас ауданында үш мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Қысқаша

Түркістан облысының Түлкібас ауданында үш оқу орнын күрделі жөндеу сәуір айының соңын

image.png

Түркістан облысының Түлкібас ауданында үш оқу орнын күрделі жөндеу сәуір айының соңында басталады.

Атап айтқанда, "Жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында А. Байтұрсынов, М. Ломоносов, Г. Титов атындағы білім беру мекемелеріне жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінді, құрылыс жұмыстары үшін мердігерлер анықталды.

Әр мектептің ішкі және сыртқы әрлеуімен қатар электр және сигнал беру жүйелері толық жаңартылатын болады. Сонымен қатар, М. Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясында кәріз жүйесі мен желдету жүйесі жаңартылатын болады.

Бұл жерде әр мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылеалы отыр. Сонымен қатар, М.Ломоносов мектеп гимназиясының кәріз жүйесі мен желдеткіш жүйесі жаңартылса, Г. Титов жалпы орта мектебіне жаңа жылу жүйесі орнатылмақ. Аталған мектемтердегі күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін болады.

Айта кетерлігі, «Жол картасы» бағдарламасы аясында аталмыш ғимараттардың құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылардың 50 пайызын жергілікті тұрғындар құрағалы отыр. Бұл еліміздегі төтенше жағдай кезінде жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарына айтарлықтай қолғабыс болмақ.


    A+
Уақыты: 2020-04-27  Айдарша: Өңір
TAG: