Шалғайда да медицина қолжетімді

Қысқаша

Айта кетейік, «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру

Screenshot_6.jpg

«Денсаулық жолы» акциясы аясындағы жылжымалы медициналық кешендер Мақтаарал ауданынының тұрғындарына қызмет көрсетті. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, аурудың алдын алуға бағытталған республикалық акция мақсатқа сай шалғайдағы елді мекен Мақтаарал ауданының Еңбекші ауылдық округіне аялдады. 

Кардиолог, онколог, офтолмолог, эндикринолог және тереапевт сынды білікті мамандардың қаралымына келген ауыл тұрғындары денсауығына қатысты мәселелер бойынша тегін кеңес алды. Соның бірі, дертіне шипа іздеп ауруының алдын алуға келген 51 жастаға алтын құрсақты ана Гүласар Таусоғарова бүгін медициналық кешеннің мүмкіндігін пайдаланып, дәрігерлерлерге қаралды.

        Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде демекші , әркім өз денсаулығына жауапты. Осыны естен шығармай дер кезінде келген тұрғындарға тиісті емін тағайындаған мамандардың игі шарасына аудандық денсаулық сақтау саласының мамандары мұрындық болды.