Қазақстан мемлекеттік шекарадаға шектеулерді күшейтеді

Қысқаша

Қазақстан мемлекеттік шекарадаға шектеулерді күшейтеді

Қазақстан мемлекеттік шекарада шектеу шараларын күшейтеді.

2 қарашада ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:

І. Мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу:

ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;

ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін.

Аталған санаттағы тұлғалар ҚР мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).

II. Визасыз режим бойынша 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту.

ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.

IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша

2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.