Назарбаев 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беруді тапсырды

Қысқаша

Назарбаев 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беруді тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының төрағасы 100 мың әлеуметтік осал отбасына 50 мың теңгеден қосымша атаулы төлемдер ұйымдастыруды пысықтауды тапсырды.

image.png

Кездесу барысында ең алдымен праймеризді өткізу қорытындысы талқыланды.

Партия төрағасының бірінші орынбасарының ақпаратына сәйкес, партия мүшелерінің 84,2 пайызы дауыс беруге қатысқан, оның 88 пайызы - онлайн форматта. Тіркелген 10 073 үміткердің 36 пайыздан астамы - әйелдер, 29 пайызы - 35 жасқа дейінгі жастар. Партияішілік іріктеу қорытындысы бойынша 20 мыңнан астам ұсыныс, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және ТКШ, инфрақұрылым және көлік, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жиналды.

Нұрсұлтан Назарбаев праймериз нақты әлеуметтік лифтке айналғанын, бұл партиялық қатарларды жаңартуға, сонымен қатар қажетті сабақтастықты сақтауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

- "Бұл партияның ауқымды іс-шарасы болды, оған көптеген адамдар қатысты. Біз оны алғаш рет өткіздік. Партияның назарын талап ететін көптеген тілектер мен сұрақтар айтылды. Nur Otan - нақты істер партиясы. Біз қабылдағанның бәрі міндетті түрде орындалуы тиіс", - деді елбасы.

Сонымен қатар, Қазақстанның тұңғыш президенті партияның сайлауалды бағдарламасының жобасына жеке тоқталды.

- "Саяси кеңес бюросында біз республикалық сайлауалды бағдарламаның жобасын талқыладық. Бағдарламада күрделі жағдайды ескере отырып, біздің мақсаттарымыз бен ауқымды міндеттеріміз қойылған. Партияның барлық мүшелері осыған бағдарланады, өйткені мұның бәрі халықтың әл-ауқатына бағытталған. Біздің барлық сайлауалды уәделеріміз есептелуі тиіс", - деді партия төрағасы.

Кездесу барысында елбасы партияға Birgemiz қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік осал отбасына 50 мың теңгеден қосымша атаулы төлемдер ұйымдастыруды пысықтауды тапсырды.

- "Партияның орталық аппараты мен активіміз үлкен жұмыс атқарды. Мен олардың қажырлы еңбегіүшін бәріне ризамын. Алда әлі нақты істер көп. Ел игілігі үшін жұмысты жалғастыру маңызды", - деп түйіндеді Қазақстанның тұңғыш президенті.