2020 жылғы 6 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 623, 313 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 957 жетті.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - дейді денсаулық сақтау министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар санының тұрақтанбай тұрғаны туралы жазған болатынбыз.