Қос ғұламаға арналған көрме өтті

Қысқаша

Айта кетейік, биыл елімізде Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы кең көлемде тойлануда.

Screenshot_40.jpg

Шымқалада Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлына арналған "Әлемдік ойдың алыптары" атты көркемсуретті кітап көрмесінің тұсауы кесілді. Іс-шараны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев, Қазақстанның Құрметті Журналисі Байдулла Қонысбек, Мәдениет қайраткері, Түркістан облыстық спорт, ақпарат және мәдениет кәсіподақтар ұйымының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, Халықаралық Физули сыйлығының иегері , ақын құрал Көмек ашып, көрменің тұсауын кесті. 

Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармаларының бейнефильм, театрландырылған қойылымдар арқылы мазмұны терең ашылып, кітап сүйер оқырмандарға кеңінен насихатталды. Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының ілім мен ғылым, өнер-білім жолындағы тағылымды еңбектерінен көркемделген кітап көрмесіне кітапхана қызметкері библиографиялық шолу жасап, мол мағлұматтар берді. Кітапхана жанынан құрылған "Сырлы сөз" әдеби үйірмесінің мүшелері әдеби композициясы кеш қонақтары мен оқырмандардың рухани-танымдық көкжиегін кеңейтті. Жас әнші Абай Жолсейітов орындаған "Мен қазақпын" әнін барша оқырмандар қосыла шырқады. Кітапхана директоры Закира Парымбекова іс-шараны қорытындылап, ыстық лебізін білдірді.

     Айта кетейік, биыл  елімізде Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы кең көлемде тойлануда.