Шымкентте 88-театр маусымы ашылады

Қысқаша

Шымкентте 88-театр маусымы ашылады

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 10-11 қыркүйек күндері  сағат 19:00-де  88-театр маусымының ашылуына арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы өтеді.

image.png

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы  - ықылым заманда ел іргесінің бұзылмауы, шаңырағының шайқалмауы үшін қажыр-қайраты мен парасатын сарқа жұмсаған дана қолбасшының ішкі және сыртқы дұшпандарымен арпалыса отырып, қазақ елін бір тудың астына біріктіруді аңсаған хан Абылайдың арманы жайлы тарихи драма.

Қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері  Қалтөре  Жұмақұлов

Театрдың көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер  Бекболат Құрманғожаев

Бас суретшісі - ҚР мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

Театр директоры – ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Қарғабаев.

Сонымен қатар театр фойесінде 10-15 қыркүйек аралығында сағат 18.00 де Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кәсіби «Еңлікгүл», ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының иегері Бақыт Сраиловтың «Кеңістік»  атты театр сәндік көрмесі ұсынылады.