ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының мүшесі Берік Әбдіғалиұлы экс-министр Елжан Біртановты кінәсіз деп есептейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.
Депутат журналистің "Біртанов құрбан ба, қылмыскер ма?" - деген сауалына өз жауабын берді.
- Енді ол, құрбан деп айтуға болады. Соған жақын ол. Сол жігітті құрбандыққа шалып жатыр ғой. Еркек тоқты құрбандық. Әйтпесе, соған тіреліп тұрған жоқ еді оның бәрі - деді депутат.