Конституция-мәңгілік елдің тұғыры

Қысқаша

Конституция-мәңгілік елдің тұғыры

Шымкент қаласындағы №126 «Айнатас» негізгі орта мектебінің кітапханасында  30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция-мәңгілік елдің тұғыры!» атты кітап көрмесі өтіп, жас мамандар арасында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

image.png

Шараны өткізудегі мақсат- қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу жас ұрпақты Конституцияны құрметтеуге тәрбиелеу.

Мектеп ұстаздары: 20- ғасырдағы Конституциялардың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, «Конституция-келешек кепілі!» тақырыбында  баяндама оқыды. 1995 жылы 30-тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы  туралы  өз ойларын айтты. Көрмеге еліміздің Ата заңы туралы кітабы, мемлекеттік рәміздер, Ата заңдағы балалар құқығына қатысты баптардың мәтіндері қойылды. 

Ата заң халқымыздың тәуелсіз ел болуын армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен заңнамалық құжат болып табылады.