«QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің тағы бір нүктесі іске қосылды

Қысқаша

«QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің тағы бір нүктесі іске қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала аумағында ауыл шаруашылығы саласында бірқатар іс-шаралар атқарылуда.

image.png

Солардың бірі әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында жыл басынан бері қала аумағында 2 «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі М.Әйтенов Шымкент қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын. 

Осы мақсатта қаламызда азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін қаламыздағы ірі шаруашылықтың бірі мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн. теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген.

Бүгін аталған келісім шарт аясында Нұрсәт мөлтек ауданы, Назарбеков көшесі 12/5  мекен-жайында «QAZ ЕТ» әлеуметтік  дүкенінің екінші нүктесі жұмысын бастады. 

Айта кетейік, әлеуметтік дүкенде ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.

Алдағы уақытта шаруақожалық халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін 2 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда нүктелерін іске қосуды жоспарлап отыр.

image.png