«Саламатты ұрпақ» жобасы аясында футболдан турнир өткізілді

Қысқаша

«Саламатты ұрпақ» жобасы аясында футболдан турнир өткізілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі ЕҢБЕКШІ ауданының ұйымдастыруымен "Саламатты ұрпақ" жобасы аясында жастар арасында футболдан турнир өтті.

image.png

Турнир Еңбекші ауданына қарасты Тоғыс тұрғын алабында өткізілді. Іс-шараның мақсатты белсенді жастарға қолдау көрсетіп, спортқа баулу болатын.

Сонымен қатар ойын соңын қорытындылай келе белсенді деп танылған жастар алғыс хаттармен марапатталып, футболкалар тарту етілді.

https://www.instagram.com/p/CR6tN-bjciG/?utm_medium=share_sheet