Цой Тоқаевқа коронавирустың жаңа «Лямбда» штамы туралы баяндады

Қысқаша

Цой Тоқаевқа коронавирустың жаңа «Лямбда» штамы туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдады. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

Цой.jpg

Денсаулық сақтау министрі Президентке әлемде коронавирус індетінің жаңа "Лямбда" штамының пайда болуы мен таралуы туралы айтты.

- Бұл вирус алғаш рет 2020 жылғы желтоқсанда Перуде тіркелген. Бүгінде індеттің осы түрін 30 мемлекетте, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық адам жұқтырған, - деді Берік Уәли.