Орман өрті: Полиция күдіктінің табылғанын хабарлады

Қысқаша

Орман өрті: Полиция күдіктінің табылғанын хабарлады

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Риддер қаласында өрттің шығуына қатысы бар күдіктіні анықтап, тапқанын айтты.

Риддер өрт.jpg

- Қазіргі уақытта Риддер қаласында өрттің пайда болу фактісі бойынша күдікті ұсталды, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2 тармағына (отты абайсызда қолдану) сәйкес іс-әрекет жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Істің анық-қанығы мен күдіктінің жеке басы айтылмады.

Қылмыстық кодекске сәйкес, қылмыс жасаған адам 2 мың АЕК (5,5 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.