«Үлкен тәжірибе болды» - белгілі журналист (видео)

Қысқаша

«Үлкен тәжірибе болды» - белгілі журналист (видео)

Белгілі тележурналист Мақсат Толықбай Мұхтар Әблязов басқарған К+ арнасында жұмыс істегені туралы айтты. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты. 

Максат пен Аблязов.jpg

- Үлкен тәжірибе болды. Журналистиканы таңдағаныма өкінбеймін. Белгілі бір деңгейде бағым жанған адаммын деп ойлаймын. Жатақханада ҚазҰУ-де оқып жүрген кезде аяқ асты, ойламаған жерден. Студентпін, телевидениенің не екенін білмеймін. Камера не екенін білмеймін. 31-ге бір бағдарламаға кастинг болады деді, сөйтіп бардым. Соның арасынан әйтеуір мені таңдап алды. Жүргізушілігім басталып кетті. "Замандастар" деп аталатын бағдарлама. Ғұмыры ұзақ бола қойған жоқ, 1 жыл өзі белгіленген. Ол бітті. Біз 4 курс оқитын студентпіз. Сондай К+ деген арна барын естідік. Бізге үлкен тәжірибе болды. Қасымда жүрген жас жігіттер барып қазақ редакциясын аштық. Ол кезде қазіргідей ютубті ешкім көрмейді. Ютубтан шықты. Қоғамдағы бүкіл проблемаларды ашып көрсеттік. Жаңаөзен кезінде де. Стадионға шығып, аппаратураларды лақтырып жатқан видеолар бәрі біздің түсірген видеоларымыз - деді Мақсат Толықбай. 

Еске сала кетейік, К+ арнасы тікелей Мұхтар Әблязовтың басқаруымен ютуб арнасында көрсетіліп келген болатын. Арна кейіннен жабылып қалды.