Түркістанда үшем дүниеге келді

Қысқаша

Түркістанда үшем дүниеге келді

Түркістан облысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үш қызды дүниеге әкелді.

Түркістан үшем.jpg

Шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде нәрестелерді №1 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бақылауға алған, деп хабарлады Otyrar.kz.

- Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұлым мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс, – дейді көпбалалы ана.

Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтарды анасы бауырына басты. Себебі жеті жарым айлық нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымаған, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.