Мұхтар Тайжан Сенат Төрағасының пікіріне қарсы шықты

Қысқаша

Мұхтар Тайжан Сенат Төрағасының пікіріне қарсы шықты

Белгілі кәсіпкер Мұхтар Тайжан Мәулен Әшімбаевтың ашаршылық жылдарына қатысты білдірген пікіріне келіспейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

Мұхтар мен Мәулен.jpg

- Мәулен Әшімбаев замандасым жақсы жігіт, ал бірақ бұл жерде мен онымен мүлдем келіспеймін.

Ашаршылық - Қазақ Ұлтына арнайы жасалған қастандық, қолдан ұйымдастырылған геноцид деп білем. Холокост, Голодомор секілді.

Егер біздің буынымыз 20-шы ғасырдағы Ұлттық Ұлы Қасіретіне бұндай ресми бағасын беруге батылдығымыз жетпейтін болса, онда біз миллиондаған құрбан болған әруақтарымызды алдық та сатып жібердік деп айтуға болады. Өз басым 1920-шы, 1930-шы жылдары нақақтан нақақ қаза тапқан әруақтарды ешқашан сатпаймын және ұмытпаймын. Және де билікте отырған замандастарымды да соған шақырам. Ашаршылық - ол сөзсіз Қазақ Ұлтына қарсы арнайы жасалған қастандық және нағыз геноцид. Бұны біз нақты айтуға міндеттіміз - деді Мұхтар Тайжан. 

Еске сала кетейік, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Елордада өткен «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: Ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ашаршылық тақырыбының түрлі астарына тоқталған болатын. Сондай-ақ, отырыс барысында "ашаршылық қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гума­нитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал" - деген еді.