Шымкентте корпорация басшысы өзіне қазақша сөйле деген кісімен сөзге келіп қалды

Қысқаша

Шымкентте корпорация басшысы өзіне қазақша сөйле деген кісімен сөзге келіп қалды

Күні кеше «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамының басшысы Бауыржан Канкин Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінде болған жиында қоғамдық кеңес мүшесімен келіспей қалды.

Screenshot_4.jpg

"Aigak" телеарнасына шыққан бейнематериалдан Бауыржан Канкиннің кеңес мүшелеріне орысша есеп беріп тұрғанын көруге болады. Осы тұста залдан "Қазақша айта бер. Орыс жоқ бізде. Қазақша айт. Қазақстанда тұрсың ғой" деді қоғамдық кеңес мүшесі.

Бұл ескертуге Бауыржан Канкин ашуланып қалды. 

- Бағана орысша айтып жатырсыз ғой. Аралас-аралас айтып жатырсыз ғой. Алдында неге айтпадыңыз? Басқалар орысша айтқанда? - деді корпорация басшысы.

Жиын барысында қоғамдық кеңес тарапынан мінез көрсеткен Бауыржан Канкинге ескерту жасалды.