Оралдағы көпірде болған жол апатынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қалада мұнай базасы ауданындағы көпірде болған жол апаты салдарынан кептеліс пайда болған. 2 ер адам мен 2 әйел зардап шеккен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты туралы ақпарат күндізгі сағат 12.00-де түскен. Болжам бойынша жол апатына BMW жүргізушісі кінәлі.
- Ер адам көлік тізгініне ие бола алмай, көпірге соғылып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан тағы 3 көлік соқтығысқан, - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан 21 және 22 жастағы ер адам, 35 және 77 жастағы әйелдер зардап шеккенін жеткізді.
- Облыстық көпбейінді ауруханасына миы шайқалды деген күдікпен 3 адам жеткізілді. 22 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты, - делінген хабарламада.
Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. BMW жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram