«Azala Cotton» ЖШС аралас иірімжіп шығармақ

Қысқаша

«Azala Cotton» ЖШС аралас иірімжіп шығармақ

Screenshot_13.jpg

Халқының саны 1 миллионнан асатын Шымкент қаласында кәсіпорындар саны көбейіп келеді. Дегенмен XXI ғасыр - бәсекелестік заманы. Бәсекелестік заманында ұсақ кәсіпорындар жабылып, тек ірілері ғана қалады. Ірі кәсіпорындар бүкіл қаланы, республиканы сапалы өніммен қамтамасыз етіп, экономиканың өсіп-өркендеуіне зор ықпал жасайды. Сондықтан да кәсіпорындар ылғи өсіп, ілгері қозғалу керек. 

Бүгін «Nur Otan» партиясының  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында Мұрат Жолдықожаев Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, фракция мүшесі ретінде жұмыс сапарының соңында «Azala Cotton» ЖШС-нің аралас иірімжіп шығару жобасының құрылысы барысымен танысып, кәсіпорын басшысы Бекет Тұрсынханов тілдесіп, проблемалық мәселелерді талқылады. Жобаның құны 1,96 млрд. теңгені құрайды, 200 тұрақты жұмыс орындары ашу жоспарда бар.

Аталған кәсіпорын Шымкент қаласының тұрғындарын иірім жіппен қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелге де өнімдерін жеткізіп жатыр. Алдағы уақытта шетелге жеткізілетін өнім көлемі артады. Өз кезегінде бұл мемлекет экономикасының дамуына оң ықпал етеді.