Қос жылыжайда 70-тен аса адам жұмыспен қамтылған

Қысқаша

Қос жылыжайда 70-тен аса адам жұмыспен қамтылған

Screenshot_12.jpg

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бекайдар Төлегенов бастаған топ "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның жетекшілігімен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы іс-шарасының орындалуын бақылау мақсатында іске асырылу барысымен танысты. 

Кездесу барысында басқарма басшысының орынбасары Жол картасының атқарылып жатқандығы туралы ақпаратын берді. Жол картасының 70-ші іс-шарасында 5 жылда 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құрылып, онда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін 20 жоба жүзеге асады. 40 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, 1 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланған. 

2021 жылға 205 жұмыс орнымен қамтитын 4 жоба аяқталуы керек. Осыған орай, мәслихат депуты 9 айдың қорытындысы бойынша Мәртөбе тұрғын алабының маңында іске асырылып жатқан 2 жылыжай іске қосылып, 70-тен астам адамдар жұмыспен қамтылып отырғанына куә болды. Басқарма өкілі жылдың соңына дейін 4 жоба аяқталып, толығымен орындалатынын жеткізді.