Халық қалаулылары «Зерде» ЖШС жұмысымен танысты

Қысқаша

Халық қалаулылары «Зерде» ЖШС жұмысымен танысты

Screenshot_10.jpg

Кәсіпкерлік саласы әрқашан бақылауды талап етеді. Бақылау болмаған жерде сапа болмайды. Сондықтан да әрқашан кәсіпкерлермен тұрақты байланыста болу - даму кепілі. 

Осы орайда бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, фракция мүшесі ретінде Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациалық  даму басқармасының «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы іс-шарасының орындалуын бақылау мақсатында фракция жетекшісі Б.Тулегенов, фракция мүшелері М.Жолдықожаев, Л.Сулайманов және Б.Қыдырбаев бірлесе іске асырылу барысын бақылауда ұстап, танысып қайтты. 

Көшпелі жиын барысында басқарма басшысының орынбасары Жол картасының атқарылып жатқандығы туралы ақпаратын берді. Жол картасының 72-ші іс-шарасында аумағы 92 га құрайтын көлік-логистикалық аймақ құру жоспарланып, 2021 жылы жоспарланған «Зерде» ЖШС «В» класындағы (3,5 гектарға арналған, көкөніс сақтау қоймасы, контейнер алаңы, сұрыптау, орау кешені) дәрілік заттарға арналған мұздатқыштар мен тоңазытқыштар қоймасы салынып, іске қосылды. Өз кезегінде өңірімізге келетін дәрі-дәрмектердің бұзылмай сақталуын қамтамасыз ететін болады. 

Жиын барысында басқарма өкілі бұл іс-шара толығымен орындалып отырғанын жеткізіп, Жол картасындағы басқарма тиісті барлық іс-шаралар сапалы әрі уақытылы іске асырылатынын жеткізді.