Мемлекет экономикасының дамуына Толағайдай үлес қосып жатқан кәсіпкерлерді қолдау басты назарда. Мемлекет тарапынан кәсіп бастарда қолдау көрген азамат ел алдындағы парызынан құтылу үшін адал қызмет етері белгілі. Сондықтан да кәсіпкерлердің жұмысынан хабар алып, олармен тұрақты байланыс орнатып тұрған абзал.
Осы орайда бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясынан құралған депутаттар фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов бастаған топ "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына барып кәсіпкерлермен диалог орнатып, пікір алмасты.
Жұмысшы топ бірінші болып «Шымкенттік химия компаниясы» ЖШС-де болды. Жобаның жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайды, 170 жұмыс орындары құрылды. Жобаның жылдық қуаттылығы - 57 мың тонна МТБЭ. Кездесу барысында аталған мекеменің басшысы Манат Бибасов жыл соңына дейін Жол картасында көрсетілген 250 азаматты тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету бойынша мағлұмат берді. Депутаттар кәсіпкерге қолдау көрсетуге әрқашан дайын екендерін айтты.
Аталған ЖШС химия өнімдерін шығарады. Химия өнімдері бүгінде тұрмыста кең қолданылады. Химиялық өнімдер арқылы ыдыс-аяқтан бастап көрпе-төсекке дейін қолданылатын болды. Яғни химия өнімдерінсіз өмірді елестету мүмкін емес.