Фракция мүшелері "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты

Қысқаша

Фракция мүшелері "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласының өсіп-өркендеуіне арнайы индустриалды-экономикалық аймақтар зор үлесін қосып жатыр. Экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға әкімдік тарапынан барлық қолдау көрсетіледі. Кәсіпкерлерге жүктелетін басты міндет - өз ісін заң шеңберінде адал атқару. Мұнда кәсіпорындар жұмысы тұрақты бақылауда. 

Бүгін «Nur Otan»  партиясының  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында Шымкент қаласының депутаты, фракция жетекшісі Б.Тулегенов, фракция мүшелері Л.Сулайманов, М.Жолдықожаев, Б.Қыдырбаев «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмыстың іске асырылу барысымен танысты.

Бүгінгі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық портфелі жалпы құны 125 млрд.теңге болатын 51 жобадан тұрады, бұл жобалар 5914 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде жалпы инвестиция құны 53,9 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба іске асырылып, 2408 тұрақты жұмыс орындары ашылды. 

Халық қалаулылары экономикалық аймақтағы кәсіпорындар жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Егер кәсіпкерлер қандай да бір қиындыққа тап болатын болса, оны заң шеңберінде шешіп беруге уәде берді.