Тауар интервенциясын жүргізу үшін 200 млн. теңге бөлінді

Қысқаша

Тауар интервенциясын жүргізу үшін 200 млн. теңге бөлінді

Мемлекет басшысы ел халқына жолдаған жолдауында кәіпкерлерді қолдауға арықша назар аударған болатын. Сондай-ақ, елдеге базар бағасын бақылауда ұстау керектігіне де баса көңіл бөлген еді. Бүгінде түркістан облысында жолдау жүктеген міндеттер жоғары деңгейде жүзеге асып жатыр.

image.png

Атап айтар болса, қазәіргі кезде Түркістан облысының тұрғындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен сатып алуға болады. Бұл мүмкіндік «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының бастамасымен жүзеге асты. Осылайша, облыс әкімдігі азық-түлік бағасын тұрақтандырып, аз қамтылған отбасылардың қажетті азық-түлік алуға жұмсайтын шығындарын азайтуды көздеп отыр.

«Түркістан» ӘКК келісімшарты аясында тауар интервенциясын жүргізу үшін 200 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде, «Magnum» дүкенінде халық көп тұтынатын азық-түліктің 19 атауын тұрақтандыру қорының белгіленген бағалары бойынша сатылады. Тұрғындар ұн, қарақұмық, сиыр еті, тауық еті, сүт, жұмыртқа және басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағада сатып ала алады. Түркістан қаласы бойынша «Түркістан» ӘКК тұрақтандыру қорының бағасымен 13 әлеуметтік дүкен мен 5 супермаркет арқылы азық-түлік сату жүзеге асырылуда.