Диқандар өз өнімдерін Түркістандағы экобазарда саудалай алады

Қысқаша

Диқандар өз өнімдерін Түркістандағы экобазарда саудалай алады

Түркістан қаласында салынып жатқан ЭкоБазар жақын уақытта іске қосылмақ. Бұл – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары. 14 га. жерге орналасқан 900 сауда орны бар жаңа нысанның жалпы құрылыс алаңы 5 га. жуық.

image.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген заманауи ЭкоБазардың құрылысымен танысты.

Облыс басшысы жаңа сауда орталығында облыс диқандары үшін қажетті жағдайдың толық жасалуын айтып, жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орнына айналмақ. Диқандар мұнда өз өнімін сата алады. Ол үшін барлық жағдай жасалатын болады. Облыс әкімі қаладағы жаңа ғимараттардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бақылады.

Орталық стадионның айналасын абаттандыру жұмыстарымен танысқан облыс әкімі мердігерлерге бірқатар ескеру айтты. Жұмысшы ширатып, кестеге сәйкес мерзімінде аяқтауды міндеттеді. Яссы көшесі бойындағы желілік саябақ пен денробақта болып, мердігерлермен кездесті. «Түркістан қалалық саябақтың» жалпы ауданы 28 га.жуық. Дендробақ аумағында 12 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 2360 ш.м. аумағына гүлдер, 20 мыңнан астам ш.м. аумағына көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңға алуан түрлі ағаштар егіліп, асфальт, аяқ жол төселген. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Жарықшамдар қойылып, газон мен суару жүйесі жүргізілген. Дендробақ аумағынан сыйымдылығы 200 мың текше метрден асатын су айдынының құрылысы жүруде. Жасанды көл 4,5 гектар аумаққа жайғасады. Су айдыны Бөген су қоймасынан келетін Арыс – Түркістан каналы арқылы қамтамасыз етіледі.