Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Екі қылмыстық бап (306 - бап 3-б.және 141-бап 2-Б.) бойынша тергеу басталды. Олар: 306-баптың 3-бөлімі - абайсызда кісі өліміне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, 141-баптың 2-бөлімі - абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау", - деп атап өтті ведомствода.
Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Шарындағы селден аман қалған қыз қалай құтқарылғанын айтып берді.