Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: - Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет,-деген болатын. Яғни, басшылар тұрғындардың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, оның нақты шешу мәселесіне де жауапты қарауы тиіс.
Президенттің осы тапсырмасын орындау, халықтың талап-тілегін құлақ асу мақсатында «Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдауға келген азаматтар: тыл ардагерін тұрғын үй кезегіне қою, жол жиегіндегі қоршаулар мәселесі мен ауыз су сапасын жақсарту, жұмыспен қамту және жер мәселесі, егістік жерді конкурсқа қою мәселесі, жерасты суының көтерілуі және тұрғын үй мәселелерін қозғады.
Қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған Қайрат Жолдыбай тұрғындарға заңды түрде жауап беріп, туындаған мәселелердің шешу жолдарын жан-жақты түсіндірді.