Рамазан айы – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.
Ел аумағында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "30 Игі іс" акциясы қарқынды жүргізілуде. Мәселен Сайрам аудандық мәслихат депутаттары, белсенді партия мүшелері, “Өзбек этно-мәдени” бірлестігі аудан аумағындағы 200 отбасыға азық-түлік қоржындарын үйлестірді. Айта кетсек 7 тонна ұн, 2 тонна тұз, 2 тонна шекер, 2000 литр ас майы мен қатар қажетті азық-түліктер таратылды. Тұрғындар қайырымды жандардың жасаған игі ісіне өз ризашылықтарын білдірді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "30 игі іс" қайырымдылық акциясы аясында аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бекзатова Шахтыгүл Ақылбекқызының бастамасымен Құтарыс, Қарасу ауыл округтерінде тұрмысы төмен, көп балалы аналар және мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар 30 отбасыға азық-түліктер мен қаржылай көмек көрсетілді. Игі іске Раушан Ерназарова, Роза Қуатбекова ұйытқы бола білді. "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" демекші, аналарымыз барлық жомарт жандарды жақсылық жасауға шақырады.