Түркістан облысына 8 айда тартылған инвестиция 260 млрд теңгені құрады

Қысқаша

Түркістан облысында 201 жоба қолға алынып отыр. Бүгінде оның тоғызы іске қосылған. Бұл ту

image.png

Түркістан облысында 201 жоба қолға алынып отыр. Бүгінде оның тоғызы іске қосылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Иса Құдабеков мәлімдеді.

10.jpg

Құдабаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 260 млрд. теңгені құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға өскен. Аталған соманың 41,5 пайызын жеке инвестициялар құрап отыр.

– Өңірде Түркістан облысының 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулы құрылған. Мұның аясында 1,8 трлн. теңге сомаға 201 жоба қолға алынып отыр. Бүгінгі күні 2020 жылғы жобалардан 31,5 млрд.теңге сомасына 9 жоба іске қосылып, 407 жұмыс орны құрылды. Ал шетелдің қатысуымен 25,8 млрд. теңге сомасына 2 жоба жүзеге асырылып, 160 жұмыс орны ашылды,  деді басқарма басшысы. 

Айта кетерлігі, аймақта облыс әкімінің басшылығымен стратегиялық сипаттағы инвесторлардың мәселелерін қарайтын инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс істейді.

Сондай-ақ, облыста инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі "Turkistan Invest" өңірлік агенттігі жұмыс істейді. Ол инвесторлар үшін фронт-офис қызметін атқарады және "бір терезе"қағидаты бойынша қолдау көрсетеді. Іске қосылды деоінген 9 жоба осы "Turkistan Invest" агенттігінің тікелей сүйемелдеуімен іске қосылған.