Биыл Арыста 108 отбасыға баспана беріледі

Қысқаша

Түркістан облысының Арыс қаласында биыл құрылысы жүріп жатқан 36 пәтерлі үш көпқабатты

39.jpg

Түркістан облысының Арыс қаласында биыл құрылысы жүріп жатқан 36 пәтерлі үш көпқабатты тұрғын үй кезекте тіркеліп тұрған азаматтарға берілетін болады. Тұрғын үйді бөлу Қазақстан республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, көпбалалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерге кезек ретімен беріледі. Жалпы ағымдағы жылы 108 пәтердің кілті табысталады.
Айта кетерлігі, Арыс қаласында келесі жылы 240 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Тұрғын үй кезегіне электронды үкімет веб порталы арқылы өтінім беріледі. Өтінім беру кезінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне барынша жол бермеу бойынша шаралар қабылданған. Кезекте тұрған азаматтардың тізіміне жыл сайын түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй бойынша тарихи деректемелерімен сәйкестендірілген.
Арыс қаласында қазіргі таңда жалпы саны 1699 азамат тұрғын үй кезегінде тіркеліп тұр. Оның ішінде
 көпбалалы отбасы саны – 418, ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 157, халықтың әлеуметтік жағынан осал топқа жататындар – 743, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілері және сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 381.